Сервис
Кеңсеңіздегі Samal суы
Бүгінгі таңда кеңседе бөтелкедегі ауыз суын пайдалану компанияның әл-ауқаты мен дамуының, жетекшіліктің өз қызметкерлері мен клиенттерінің денсаулығын ойлайтындығының белгісі болып табылады. Кеңсеңіздің қонақтары мен әріптестеріне ұсынылатын сусындарды таза және балғын суды пайдалана отырып әзірлеу олардың сапасын жақсартып қана қоймай, компанияңыздың беделіне оң әсер етеді.
Үйіңіздегі Samal суы
Үйіңізде бөтелкелерде таза судың болуы қаламыздың тұрғындары үшін қалыпты жағдайға айналды. Өзінің және жақындарының денсаулығын ойлайтын мыңдаған адамдар таза суды пайдалану бірінші қажеттілік деп санайды
Жайлылық пен балғындықты жеткіземіз
Суы бар ауыр бөтелкелерді Сіздің тапсырысыңыз бойынша үйіңізге немесе кеңсеге алдыру өте ыңғайлы. Еуропаның көптеген мемлекеттерінің халқы өздерін ауыз сумен дәл осылай қамтиды.
Call-орталық тапсырыстарды күн сайын қабылдайды
Біз сіздің уақытыңызды бағалаймыз және біздің тілдесуімізді мейлінше ыңғайлы етуге тырысамыз. (727) 390-77-77 телефон нөмірі арқылы call-орталығына қоңырау шалып,тапсырыс беріңіз.
Samal суын жеткізу қызметі 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін демалыссыз және мерекесіз күн сайын жұмыс істейді.
Біздің компания телефон арқылы өтінімді қабылдағаннан кейін жеткізуді жүзеге асырады. Бізде алынған суға арналған диспенсерлер жеткізіліп, тегін орнатылады.
Құрал-жабдық сервисі
Керемет Су СКЕ компаниясы – диспенсерлердің және 19 л. бөтелкемен жеткізілетін Samal суын ыңғайлы тұтынуға арналған аксессуарлардың жеткізушісі. Call-орталықтың операторлары үйіңізге немесе кеңсеңізге құрал-жабдықты таңдауға көмектеседі, ал біздің сервистік қызметіміз диспенсерді тегін жеткізіп орнатады, бұған қоса кепілдікті және посткепілдікті жөндеу жұмыстарын және профилактикалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Диспенсерді профилактикалық жуу не үшін қажет?
Диспенсерді пайдалану барысында оның жинақтаушы кіші багына су қабылдағыш инесі арқылы қоршаған ортадан бактериялар, тіпті бөгде заттар түседі. Бұл диспенсердің дұрыс жұмыс істемеуіне, ал судың өзіндік иісінің пайда болуына алып келуі ықтимал. Мәселенің шешімі айтарлықтай оңай. Диспенсерге кез келген басқа құрылғыға мерзімді ТҚ, яғни санитарлық өңдеу қажет. Санитарлық өңдеуді 6 айда кемінде бір рет жасауға кеңес беріледі. Алайда диспенсерді қарқынды пайдаланатын болсаңыз (күніне 1 бөтелкеден артық), санитарлық өңдеуді 3 айда бір рет жасауға кеңес беріледі.
Диспенсердің санитарлық өңдеуін тек қана білікті мамандар жүргізе алады. Зарарсыздандыруды өзіңіз жасасаңыз немесе ол қате жасалынса, компания жеке өңделген диспенсер арқылы құйылатын судың сапасы үшін жауапты болмайды. Құрал-жабдыққа ақылы профилактикалық қызмет көрсетуді жүргізу үшін (727) 390-77-77 нөмірі бойынша өтінімді қалдыру қажет. Құрал-жабдықты қызмет көрсетуге қабылдау кезінде экспедитор жүкқұжатты береді. Өңдеуден кейін құрал-жабдық сізге міндетті түрде қайтарылады. Жаңа диспенсерді жууға кеңес беріледі, бірақ міндетті талап емес, себебі диспенсерді жіберудің алдында ол санитарлық өңдеуден өтеді.