ЭКСКУРСИЯ ТУРАЛЫ - Вода Samal

ЭКСКУРСИЯ ТУРАЛЫ:

Экскурсияда сізді не күтеді?

Экскурсияда сізге су өндірісі мен оны тазалау жүйесі туралы толық айтып береді. Бұған қоса ыдыста ақаулықтардың болуын қалай бақылауға болатындығын және оның санитарлық өңдеу үдерісін біліп қана қоймай, өз көзіңізбен біздің зауыттың «жүрегін», яғни 300 м. асатын тереңдікте орналасқан ұңғыманы көре аласыз.

Бізге қалай келуге болады?

Экскурсияға 10-20 адамнан тұратын топтың құрамында келуге болады. Сыныбыңызбен, студенттік қоғамдастықпен немесе жұмыстағы әріптестеріңізбен келіңіз. Біздің зауыттың есіктері БАҚ өкілдері үшін әрқашан ашық. Трансфер тегін ұсынылады!

Бізге қалай келуге болады?

Ыңғайлы аяқ-киімді киіп, шашыңызды жинаңыз. Арнайы санитарлық киімді зауытта береді. Бізге келген кезде мұқият болып, экскурсоводты тыңдаңыз :)

Жас бойынша шектеулер бар ма?

Біз топ құрамында балабақшадағы, дамушы мектептердегі балалардан бастап қабылдаймыз.

Экскурсияның ұзақтығы қандай?

Экскурсия сіздің зауыттан қаншалықты алыс жерде екендігіңізге байланысты екі сағат уақытты алады. Экскурсияның ұзақтығы – шамамен 60 минут.

Экскурсияда тек қана су өндірісін көреміз бе?

Жоқ, бұған қоса қызықты тәжірибелер жүргізіледі. Классикалық әуенді тыңдап, оның су молекуласына қалай оң әсер алатындығы туралы біліп қана қоймай, біздің тәтті өнімдеріміздің дәмін де таты көресіздер.

ЭСККУРСИЯҒА ТАПСЫРЫС БЕРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

Атыңыз бен байланыс нөміріңізді қалдырыңыз.

Сұрауды растаңыз.

Біздің маманымыз сізге жақын арада хабарласады.

ЭКСКУРСИЯНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ:

КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ

Барлығына ыңғайлы болу үшін конференц залдағы экран алдында жайғасып, қызықты саяхатқа бағыт алыңыз. Біздің экскурсовод маманымыз «Samal» суының өндірісі туралы айтып береді. Сіз «Керемет Су СКЕ» компаниясы зауыты туралы көптеген қызық мәліметтерді білетін боласыз.

САНИТАРЛЫҚ-ӨТКІЗУ ОРНЫ

Келесі қадам – санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау. Заттарыңызды арнайы бөлінген орынға қалдырып, санитарлық киімді кигеннен соң қолды дезинфикациялау қажет. Ал үдеріс барысында зауыт қызметкерлеріне арналған гигиеналық нормалар туралы білетін боламыз.

ӨНДІРІС ҚҰПИЯЛАРЫ

Үшінші қадам – 18,9 л. суы өндірілетін ұңғымаға және «Samal» суының өндірісімен айналысатын цехке бару. Біз суды тазалау және өндіру кезеңдерімен танысамыз, құрал-жабдықтарды көреміз. Іс-шара қызықты болатындығына кепілдік береміз!

 

КОНКУРС

Біз экскурсанттарға қызықты уақыт пен көтеріңкі көңіл-күйді ғана емес, әлеуметтік желілерімізде өткізетін конкурстарымызда керемет сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігін ұсынамыз!

 

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:

Зауыт – тіпті экскурсия кезінде адамдар жұмыс істейтін орын. Сол себептен сыпайы болыңыз, тобыңызбен бірге болыңыз, экскурсия жетекшісінің нұсқаулықтарын мұқият сақтаңыз. Зауыт ғимаратында баспалдақтар мен сырғымалы беткейлердің көп болуына, сонымен бірге цехта қолмен ұстауға болмайтын құрал-жабдықтың болуына байланысты мұқият болыңыз. Сурет- және видеотүсірілімге арнайы белгіленген орындарда ғана рұқсат етілген.

ЭКСКУРСИЯҒА ЖАЗЫЛУ: