Диспенсерді профилактикалық шаю не үшін қажет?

Диспенсерді пайдалану процесінде су қабылдағыш инесі арқылы диспенсердің жинақтаушы багына қоршаған ортадан бактериялар, кейде тіпті бөгде заттар да түседі. Бұл диспенсердің дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін, ал судың өзіне тән дәмі пайда болуы ықтимал. Мәселенің шешімі қарапайым – диспенсерге, кез келген басқа құрылғы сияқты, мерзімді техникалық қызмет көрсету, яғни санитарлық өңдеу қажет. Санитарлық өңдеуді кемінде 6 айда бір рет жүргізу ұсынылады. Алайда диспенсер қарқынды пайдаланылған жағдайда (күніне 1 бөтелкеден көп) санитарлық өңдеуді жиірек – 3 айда бір рет жүргізген жөн
Диспенсерге санитарлық өңдеуді тек білікті мамандар ғана жүргізуі тиіс. Өз бетінше және дұрыс емес дезинфекция жасалған жағдайда компания өздігінен өңделген диспенсер арқылы құйылатын судың сапасы үшін жауапкершілік тартпайды. Жабдыққа ақылы профилактикалық қызмет көрсету үшін (727) 390-77-77 телефоны арқылы өтінім беру қажет. Жабдықты қызмет көрсетуге қабылдау сәтінде экспедитор жүкқұжат қалдырады. Өңдеуден кейін жабдықты қайтаруға кепілдік береміз. Жаңа диспенсерді шаю ұсынылады, бірақ бұл міндетті емес, себебі зауытта ол жөнелтілмес бұрын санитарлық өңдеуден өткен.

Samal суы Сіздің кеңседе

Бүгінде кеңседе бөтелкеленген ауыз судың қолданылуы компанияның әл-ауқаты мен өркендеуінің, басшылықтың қызметкерлер мен клиенттердің денсаулығына қамқорлығының белгісі болып табылады. Таза әрі балғын суды пайдаланып дайындалған сусындардың сапасы, кеңсеңіздің серіктестері мен қонақтарына ұсынылатын сусындар компанияңыздың имиджіне оң әсер етеді.

Samal суы Сіздің үйіңізде

Үйде таза суы бар бөтелкенің болуы қаламыздың тұрғындары үшін қалыпты жағдайға айналып келеді. Өз денсаулығына және жақындарының денсаулығына қамқор мыңдаған адамдар таза суды бірінші қажеттілік деп санайды.

Ыңғайлылық пен сергектікті жеткіземіз

Сіздің тапсырысыңыз бойынша ауыр су бөтелкелерін үйіңізге немесе кеңсеңізге әкелген өте ыңғайлы. Еуропалық елдерде халықтың басым бөлігі ауыз сумен дәл осылай қамтамасыз етіледі.

Call-орталық тапсырыстарды дс-сб, 08:00-ден 20:00 дейін қабылдайды

Біз сіздің уақытыңызды бағалаймыз және бізбен хабарласуыңыз барынша ыңғайлы болуы үшін бәрін жасаймыз. (727) 390-77-77 нөмірі бойынша біздің call-орталыққа қоңырау шалып, тапсырыс беру жеткілікті. Күн сайын 08:00-20:00 аралығында, жексенбі – демалыс күні

Samal суын жеткізу қызметі күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбі – демалыс күні.

Біздің компания телефон арқылы өтінім қабылданғаннан кейін жеткізуді жүзеге асырады. Компаниямыздан сатып алынған диспенсерлер тегін жеткізіліп, орнатылады.

доставка воды в офис

Жабдыққа қызмет көрсету

Керемет Су СКЕ компаниясы 18,9 л бөтелкелерден Samal суын ыңғайлы тұтынуға арналған диспенсерлер мен аксессуарларды жеткізуші болып табылады. Біздің call-орталықтың операторлары үйге немесе кеңсеге арналған жабдықты таңдауға көмектеседі, ал сервис қызметі диспенсерді тегін жеткізіп, орнатып береді, кепілді және кепілдіктен кейінгі жөндеуді, сондай-ақ профилактикалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.