
«Керемет Су СКЕ» компаниясы 2009 жылдан бастап «Samal» суын өндірумен, жеткізумен және сатумен айналысады. Қазақстанның жерасты су кен орнының № 2940 артезиандық ұңғымасы, тереңдігі 300 метрден астам, Samal ауыз суының көзі болып табылады. Ұңғыма Алматы қаласының Түрксіб ауданында орналасқан. Ұңғымадан құю желісіне дейінгі жолында су кешенді бес сатылы өңдеуден өтеді, оған механикалық тазалау, жұмсарту, сүзгілеу, молекулалық тазарту және ультракүлгінмен залалсыздандыру кіреді. Өзінің ерекше балғын дәмін Samal суы озонмен байытудан кейін алады. Біз судың дәмдік және химиялық қасиеттерін мұқият қадағалаймыз. Зертханалық талдаулар және судың сапасын бақылау күн сайын жүргізіледі.

Сайтта тапсырыс беру
Телефон арқылы тапсырыс беру
Жеткізу аймағына сәйкес қала бойынша тегін жеткізу

Құю цехы сағатына 100 бөтелкеден астам өнім шығаратын автоматтандырылған желімен жабдықталған. Бөтелкелерді жуу және суды құю жөніндегі барлық операциялар адам қолымен жанаспай жүзеге асырылады. Су жасанды минералдандыруға ұшырамайды, оның құрамында адам денсаулығына қажет концентрациядағы тек табиғи минералды тұздар ғана бар. Ағзаға қажетті минералдардың мінсіз үйлесімі және жағымды сергітетін дәм Samal суын кеңсе қызметкерлері мен отбасы мүшелерінің барлығы үшін таптырмас етеді.




Механикалық сүзгі арқылы 5 микронға дейінгі фракциядағы механикалық бөлшектерді жою.

Ионалмастырғыш шайыр толтырғышының көмегімен қаттылық тұздарын – кальций мен магний карбонаттарын жою.

Кокос үгіндісінен жасалған көмір сүзгісі арқылы хлор мен күкірт қосылыстарын, бөгде иіс пен дәмді жою.

Кері осмос мембраналық қондырғысында барлық тұздарды (98%-ға дейін) жою.

Ағын ішінде ультракүлгін сәулелермен патогенді микроағзаларды жою.
Суды тазартудан кейін оны озондау жүргізіледі. Озондау кезінде залалсыздандырумен қатар су түссізденеді, сондай-ақ иісі жойылып, дәмдік қасиеттері жақсарады
«Керемет Су СКЕ» компаниясы алматылықтарға және қала маңы тұрғындарына ішуге және ас дайындауға Samal тазартылған ауыз суын пайдалануды ұсынады, өйткені құбыр суы сүзгіден өткізіліп, қайнатылғаннан кейін де әртүрлі қоспалардың концентрациясы жоғары болғандықтан ағзаның денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.

Сайтта тапсырыс беру
Телефон арқылы тапсырыс беру