Суды бөтелкеден құюға арналған қарапайым және өте ыңғайлы құрылғы. Тікелей бөтелкенің аузына орнатылады. Сорғы қағидаты бойынша жұмыс істейді. Басқан кезде су құбыр арқылы помпаға түсіп, стақанға шағын порциялармен құйылады.
Біржолғы стақандарды пайдаланатындарға арналған таптырмас құрылғы. Стақан ұстаушы кез келген модельдегі диспенсердің бүйіріне бекітіледі. Сыйымдылығы – 80 біржолғы стақан.
Samal суы сыйымдылығы 18,9 л. бөтелкеге (5 галлон) құйылады. Бөтелке бекем материалдан, яғни поликарбонаттан жасалынған, өндірген мемлекет – Ресей, Қазақстан.
Биіктігі – 48 см.
Түбінің диаметрі – 27 см.
Аузының диаметрі – 5 см.
Көпреттік пайдалануға арналған поликарбонаттық бөтелкелердің тозуға төзімділігі жоғары, кейбіреуінің сабы өте ыңғайлы, формасын өзгертпейді. Бөтелкелер сумен, жуғыш құралдармен реакцияға түспейтін материалдан жасалынған, суға бөтен иіс пен дәм бермейді, температураның ауытқуына шыдайды. Бұл әлем бойынша ыдысты әзірлеу мақсатында пайдаланылатын тағамдық пластик.