Таза қала үшін электромобильдер

Біз табиғатқа қамқорлық нақты әрекеттерден басталады деп сенеміз. Сондықтан біз су жеткізу үшін электр жүк көліктеріне көшіп жатырмыз, Алматыда экологиялық болашаққа қарай осы қадамды жасаған алғашқы компаниялардың біріне айналудамыз.
Бұл көшу — таза ауаға, көшелердегі тыныштыққа және қала тұрғындарының денсаулығына қосқан үлесіміз. Электромобильдер атмосфераға зиянды заттар шығармайды және көміртек ізін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе әрбір таза ауа жұтымы алтын іспетті Алматы қаласы үшін маңызды.
Біз сервисті жақсартып қана қоймай, қаланы таза, тыныш әрі қауіпсіз ететін заманауи технологияларды қолдануға ұмтыламыз. Электр жүк көліктері дыбыссыз дерлік, демек жеткізу енді ерте сағаттардың өзінде артық шусыз жүзеге асады.
Бұл тек бастамасы. Біз жасыл бастамаларды дамытуды жалғастырып, таңдауымыз өзгелерге үлгі болады деп үміттенеміз. Бірге біз өзіміз және болашақ ұрпақ үшін Алматыны өмір сүруге экологиялық әрі жайлы қала ете аламыз.

Біз ПЭТ-ке құямыз

біз ПЭТ-ті жинаймыз

Ал сіз бір адамның жылына орта есеппен қанша қоқыс «өндіретінін» білесіз бе?

Шамамен 300 килограмм! Оның үштен бірі пластик бөтелкелерден тұрады.

Пластикке «оралған» су бізбен бірге барлық жерде жүреді: үйде, көлікте, жұмыста, жаттығу немесе серуен кезінде. Бір жарты литрлік су бөтелкесінде- 25 грамм пластик бар.

Біз суды рахаттанып ішеміз, ал 25 грамм пластикті қоқысқа тастаймыз. Осылай күн сайын.

Пластик қоршаған ортаға және денсаулығымызға қандай зиян келтіреді?

Пайдаланғаннан кейін барлық пластик басқа қалдықтармен бірге жай ғана қоқыс алаңына түседі. Ал оның толық ыдырауы үшін шамамен екі жүз жыл қажет. Сондықтан жыл сайын қаламызда пластик барған сайын көбірек жинала береді.

БҰҰ болжамы бойынша, егер ештеңе жасалмаса, қайта өңделмеген пластиктің мөлшері 2025 жылы 100-250 млн. тоннаға жетіп, Жер бетінде «қоқыс тауларын» және мұхитта «қоқыс аралдарын» қалыптастырады.

Елестетіңізші, біз қазірдің өзінде қаншама көлем жинап қойдық және болашақ ұрпаққа қандай мұра қалдырамыз?

Samal бренді планетаның пластикпен ластануына қарсы бүкіләлемдік күреске қосылуды шешті. Біз балаларымызға таза қала мен таза планета қалдырғымыз келеді.

Біз суды пластикке құямыз – демек, бұл пластикті қайтадан жинаймыз. Қоршаған ортаның тазалығы әр адамның эко-жауапкершілігіне байланысты. Табиғатты және туған қаламызды сақтауға бірге үлес қосайық!

Біздің бағдарламаға қалай қатысуға болады?

Samal.kz сайтында

Тіркеуден өту

Біз сізге пластик жинауға арналған контейнер әкелеміз

және қызметкерлеріңізге нұсқаулық жүргіземіз

Samal.kz сайтындағы жеке кабинетте «Қайта өңдеуге тапсыру»

батырмасы арқылы

контейнер толғанын бізге хабарлаңыз

Біз бос бөтелкелерді кеңсеңізден немесе үйіңізден алып кетеміз

Біз сізге пластик жинауға арналған контейнер әкелеміз және

қызметкерлеріңізге нұсқаулық жүргіземіз

Бос бөтелкені қалай дұрыс кәдеге жаратуға болады?

1

Қақпағын бұрап ашып, ішіндегісін төгу;

2

Бос бөтелкені мыжып, қақпағын қайтадан бөтелкеге бұрау;

3

Оны біздің контейнерге тастау.

Пластиктің екінші өмірі

Пластикті қайта өңдеу процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Пластикті түстері бойынша сұрыптайды, жуады, сығымдайды, түйіршіктерге – флекстерге дейін ұсақтайды. Флекстерден әрі қарай бақша жиһазын, пластик құбырларды, кеңсе тауарларын, құрылыс материалдарын өндіруге болады.

Пластик бөтелкелерді жинап, оларды қайта өңдеуге жіберу арқылы біз жаңа пластмасса өндірісін азайтамыз. Демек, планетамызға ұқыпты қараймыз және оны балаларымыз бен немерелеріміз үшін сақтаймыз.